Бразилия мен Австралия, Пәкістан мен Якутиядан келген мамандар деректі фильм түсірудегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Тақырыпты сәтті таңдап, көрерменді тартатын көркем туындыларды қалай жасау керектігі туралы бейне материалдар көрсетіп, фактілерді тиімді пайдалану жайында қызықты мәліметтер берді.
Ал, бразилиялық белгілі режиссер Иара Ли Қазақстанның таулы аймақтарын аралап шыққанын айтып, «Шарын шатқалы» туралы шағын кино түсіруге қазақ жастарына ұсыныс білдірді.
Амангелді СЕЙІТХАН