«Аңсаған сәби» бағдарламасы басталғаннан бері 3 300 отбасында 4 000 сәби дүниеге келді. Бұл туралы министрлік ақпаратына да жарияланған. 2020 жылы Мемлекет басшысы Жолдауында елдегі отбасылық-демографиялық ахуал зор алаңдаушылық тудырып отырған мəселе екенін айтып, Үкіметке Экстракорпоральды ұрықтандыру квотасын 7 есе ұлғайтуды тапсырды. Осының негізінде 2 жыл бұрын «Аңсаған сəби» арнаулы бағдарламасы іске қосылды. Содан бері 14 мың әйел квота алып, 3 300 отбасы шапағатын көрген. Қазір шамамен 2,5 мың әйел жүктілігі бойынша қаралып жүр.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Аңсаған сәби» бағдарламасы: 4 мың сәби дүниеге келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175764/)