![«Астана опера» театры 3-ші маусымын «Абай» операсымен ашады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78278.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Спектакльде ақынның өмір жолынан сыр шертіледі. Сондай-ақ, шәкірті Айдар мен оның сүйіктісі Ажардың жалындаған махаббаты баяндалады. Бас партияны - ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин мен Талғат Мұсабаевтар орындайды.
Ал Мемлекеттік сыйлықтың иегері Майра Мұхамедқызы мен халықаралық байқаулардың лауреаты Салтанат Ахметова Ажар рөлін сомдайды. 1944-ші жылдан сахналанып келе жатқан қойылымның бұл жолғы ерекшелігі - техниканың соңғы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, заманауи нұсқада ұсынылатындығында,- дейді мамандар.
Назерке АХМЕТОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана опера» театры 3-ші маусымын «Абай» операсымен ашады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17583/)