Мектептерде соңғы қоңырау рәсімі биыл 1 маусымда өтеді. Демек оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, 172 мыңнан астам түлек 11 сыныпты, 288 мыңнан астам түлек 9 сыныпты тәмамдағалы отыр. Мектеп бітірушілердің мемлекеттік емтихандары маусымның 5-і мен 19-ы аралығына жоспарланған. Министрлік соңғы қоңырауға және мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинау заңсыз екенін тағы да ескертеді.
Шолпан Каринова, ҚР Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары:
Биыл 18 мыңнан астам мектепке дейінгі орта білім беру техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірлік үстінде. Бұл ұйымдарда биылғы оқу жылында 5 миллионнан астам оқушылар мен тәрбиеленушілер білім, тәрбие алды. Осы жылы 288 мыңнан астам түлек 9-сыныпты тәмамдауда, олар алдағы уақытта 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайтын болады.
Райхан Сайранбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мектептерде соңғы қоңырау рәсімі биыл 1 маусымда өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/175875/)