![Түркияда Халықаралық «Түріксой» ұйымының Опера күндері өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78286.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Түркияда Халықаралық «Түріксой» ұйымының Опера күндері өтті. Стамбулдан бастау алған мәдени шара 9 күнге созылып, Анталья қаласындағы атақты «Аспендос» сахнасында аяқталды.
Халықаралық фестивальге әлемнің 10-ға жуық мемлекетінен опера және балет майталмандары қатысты. Олардың арасында «Астана Операның» солистері Әнел Рүстемова мен Бахтияр Адамжановтар да бар.
Биыл 18-ші рет өткен фестиваль қырғыздың атақты опера әншісі Б.Мыңжылқиевтың құрметіне орай ұйымдастырылды.
Ал, былтыр бұл шара қазақтың атақты композиторы Мұқан Төлебаевты еске алуға арналған.
Бақытжан ОМАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияда Халықаралық «Түріксой» ұйымының Опера күндері өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17599/)