Ақтөбе облысындағы кен орнында болған өртте қайтыс болған жұмысшылардың отбасына 5 миллион теңгеден жұмыс беруші бөлетін болды. Бұл жайында облыс әкімі Астанада өткен брифингте айтты. Төтенше жағдай мамырдың 1-і күні болған еді. Кен орнына қарасты зауытта өрт шығып, 4 жұмысшы күйіп қалды. Оның екеуі ауруханада көз жұмды. Өрттің неден болғаны әлі белгісіз. Құзырлы органдардың тексеру жұмыстары жалғасуда.
Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:
Мен барған бетте әрбір семьяға бір миллионнан ақша бөлгіздік. Қайтыс болған семьяларға қатысты 5 миллоиннан ақша бөлінетін болады. Сонымен қатар кәмелетке жетпеген баласы немесе ЖОО оқитын баласы болса арнайы пособия мемлекеттен қарастырылған.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысындағы кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көмек көрсетілуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176010/)