Ақтөбе облысында жол апатынан Өзбекстан республикасының екі азаматы қайтыс болды. Оқиға Самара-Шымкент бағытындағы жолда болған.
Хромтау ауданының аумағында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti маркалы автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде көз жұмды. Сондай-ақ 5 адам әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176071/)