Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Канададан ұтылып қалды. Кездесудің 19-секундында үйеңкі жапырақты елдің өкілдері есеп ашты. Канадалықтар ұлттық құрама қақпасына 7 минут ішінде үш шайба салды. 9-минутта қазақстандық Әділ Бекетаев есепті қысқартты. Алайда, бұл ойын тағдырына әсер еткен жоқ. Қарсыластар ел құрамасының қақпасына тағы екі шайба кіргізді. Мачт 5:1 есебімен аяқталды. Енді қазақстандық хоккейшілер 19 мамырда Словакиямен кездеседі.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Латвияда Қазақстан хоккей құрамасы тағы да жеңілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176109/)