Қазақстан ұлттық құрамасы хоккейден өтіп жатқан Әлем чемпионатында Словакияны жеңді.
Кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды. Дегенмен, булит кезеңінде хоккейшілеріміз 4 мүмкіндіктің барлығын сәтті пайдаланып қарсыласын ұтып кетті. Ойында 51 соққының 48-ін қайтарған қақпашы Андрей Шутов үздік ойыншы танылды. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 4 ұпай жинап, В тобында соңғы жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. Ал Словакия 5 ұпаймен бесінші орында тұр. Бұл - ұлттық құраманың чемпионаттағы екінші жеңісі. Бұған дейін Норвегиядан басым түсіп, артынша Чехия, Швейцария және Канададан жеңіліп қалды. Енді хоккейшілеріміз бүгін Астана уақытымен 23:20-да Латвия құрамасымен кездеседі.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Әлем чемпионатында Словакияны жеңді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176190/)