Осы аптада үкімет Қазақстан экономикасы төрт айда 5 пайызға өскенін және инфляция деңгейі төмендегенін мәлімдеді. Былтыр 21 пайызға дейін көтерілгені талай рет айтылды. Қазіргі көрсеткіш: 16,8%. Премьер-министр Әлихан Смайылов «Бағаның өсуін тежеуге күш салу қажет», - деді. Халықтың да тілегі сол. Өйткені қағаздағы инфляция былтырмен салыстырғанда 4 пайызға төмендегенімен қалтаға салмақ азаймаған сыңайлы. Үкіметке қойылып тұрған басты талап: жыл соңына дейін инфляция деңгейін екі есе төмендету, яғни 10 пайызға жеткізу. Бұл қаншалықты мүмкін, министрлер кабинеті қабылдап жатқан шаралар туралы экономист Айбар Олжай айтып берді.
Альбина Әшім
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан экономикасы төрт айда 5 пайызға өскен - Үкімет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176200/)