Италия толассыз жаңбырдан кейінгі тасқын судың зардабымен күресуде. Табиғи апаттын 14 адам қаза тауып, 36 мың тұрғын баспаналарын тастап кеткен. Экономикалық шығын миллиардтаған еуроға жетті. Елдің премьер-министрі Джорджия Мелони Қазақстанға жоспарлаған сапарын кейінгі қалдырып, су басқан Эмилия-Романья аудандарына барды. Үкімет басшысы резеңке етік киіп, үйлерге кірді. Тұрғындармен кездесті. Зардап шеккендерге көмек беруге уәде берді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Италияда премьер-министр су басқан ауданға барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176212/)