АҚШ-тың Флорида штатынан саудиялық алғашқы әйел ғарышқа ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Флорида штатынан саудиялық алғашқы әйел ғарышқа ұшты

22.05.2023

АҚШ-тың Флорида штатынан саудиялық алғашқы әйел Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Райана Барнави рак клеткаларын зерттеуші маман. Ол орбиталық бекетте кеуде қатерлі ісігіне байланысты зерттеу жүргізеді. Барнавимен бірге жерлесі Әли Әлқами және НАСА-ның екі астронавты ұшты.

Станцияға бұл экипажды миллиардер Илон Маск компаниясына тиесілі «Фалкон-9» ракетасы мен «Драгон» капсуласы жеткізеді. Ол зымыран Канаверал мүйісінен жексенбі күні көкке самғаған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу