Бразилияда құс тұмауы тіркелді. Осыған орай елде індеттің таралмауы үшін төтенше жағдай жарияланды. Шектеу шарасы 180 күнге созылады. Қанаттылар арасында H5N1 жұқтырудың 8 жағдайы тіркелген.
Тауықтарға инфекция жабайы құстардан жұқса керек. Айта кетсек, Бразилия - әлемдегі құс етін экспорттаушы ең ірі мемлекет. Жыл сайын одан 10 млрд доллар табыс түседі.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бразилияда құс тұмауы тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176309/)