Италия Премьер-Министрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Рим халқына қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Джорджа Мелони бұл туралы Twitter желісінде жазба қалдырды. Онда «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Астана-Рим арасындағы ынтымақтастықтың әрі қарай дамуына ортақ қызығушылық танытқан жылы әңгімелесу болды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италиядағы су тасқынынан қаза тапқандарға байланысты көңіл білдіргені үшін алғыс айтамын», - делінген. Мемлекет басшысы Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлескен еді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Италия Премьер-Министрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Рим халқына қолдауы үшін алғыс айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176330/)