Канаданың Альберта провинциясында қаулаған орман өртін бақылауға алу мүмкін болмай жатыр. Тілсіз жау 1 миллион гектардан астам аумақты шарпыған. Жалпы өңірде 500-ден аса өрт ошағы тіркеліп отыр. Соңғы тәулікте жауын жауып, күн біршама суытқан соң, өрт сөндірушілердің жұмысы сәл де болса жеңілдеді. Жалынмен күреске 2800-дей маман тартылған. Жаңа Зеландия мен Австралияның өрт сөндірушілері де оларға көмекке келмек.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Канадада миллион гектардай аумақ өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176333/)