Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бала кәмелет жасына толған кезінде баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік береді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды.
Ерлан Қарин, Мемлекеттік кеңесші:
Бүгін Мәжіліс депутаттары Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы мәселесі жөніндегі заң жобасын қарауға кірісті. Аталған заң жобасы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асатын Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламасы бойынша әзірленіп жатыр. Осылайша, Президенттің әлеуметтік маңызды бастамасы заң тұрғысынан рәсімделіп, Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ұлттық қор – балаларға» жобасы: Баланың баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік береді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176345/)