Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға бөлінген 852 миллион теңге талан-таражға түскен. Өрескел заң бұзушылық 2019-2021 жылдар аралығында болған.
Бүгінде бюджет қаражатын қайтару бағытында аудиттік тексеру жүргізіліп, келісім-шарттық құжаттардан бірқатар кемшіліктер анықталған. Әлеуметтік дүкендерге азық-түлік тауарларын сатқан «Алтын қамба» агроөнеркәсіптік комбинаты мемлекет қаражатын қайтармай қолды қылған. Енді мемлекет есебінен кеткен 852 миллион теңгені өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Самат Ерниязов, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ төрағасы:
Алған адамдардың барлығы табылды. Солармен қазір зейнетақысы бар, кәсіппен айналысып жатқандары бар олардың счеттары бойынша соттың шешімімен ол ақшаларды өндіріп жатырмыз. Бүгінгі таңда 92 миллион өндіріліп алынды.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында 852 млн теңге талан-таражға түскен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176359/)