Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия чемпионатының финалына шықты. Алматыда өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында бұрымдыларымыз Гонконг құрамасына қарсы ойнады. Кездесу қазақстандық спортшылардың жеңісімен аяқталды. Есеп 27:23. Азия чемпионатының финалы жексенбі күні өтеді. Жерлестеріміз Жапония құрамасына қарсы ойнайды.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия чемпионатының финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176383/)