Жемқорлардан қайтарылған қаржыға 62 мектеп салынады. Оқу-ағарту министрлігі арнайы бұйрыққа қол қойды. Астана қаласы мен Алматы облысында -10 , Түркістан облысында - 9, Жамбыл облысында - 6, Қызылорда облысында - 5, Маңғыстау облысында - 4 мектеп салу жоспарланған. Ақтөбе облысында - 3, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай мен Солтүстік Қазақстанда - 2, Жетісу, Ұлытау және Павлодар облыстарында бір мектептен салынады. Құрылысқа 96 миллиард 495 миллион теңге қаралған.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жемқорлардан қайтарылған қаржыға 62 мектеп салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176401/)