Ал Түркістан облысында 10 жасар бала электр тогына түсіп мүгедек болып қалды. Қайғылы жағдай Қазығұрт ауданы Шанақ ауылында болған. Көшеде ойнап жүрген бала подстанция қоршауының ішіне кірген есекті қуып шықпақшы болған. Байқаусызда қолы қондырғыға тиіп кетіп, 35 мың вольттық электр қуаты сұлатып салған. Салдарынан баланың қолы мен аяқ тамырлары күйіп кеткен. Дәрігерлер оның бір аяғын тізеден кесіп тастауға мәжбүр болды.
Баланың мүгедек болып қалғанына күйінген ата-ана энергетиктерді кінәлайды. Тым болмаса ауруханадағы емнің шығынын өтеп, жаңа оқу жылы басталғанша протез аяқ жасатып берсе, дейді. Алайда аудандық электр желілері мекемесі өкілдері подстанция маңында қауіпсіздік ережелері талапқа сай болғанын, ешқандай көмек берілмейтінін айтады.
Жаханбек Серікбаев, Қазығұрт ауданы Электр желілерінің бас инженері:
Қоршау болған. 1977 жылы құрылған подстанция. Содан бері қоршау бар. Құлып болған. Өздерін қорғау үшін, бөтен, қорғалған аймаққа кіргені үшін айтып жатыр ата-аналар.
Ғани Қалмаханов