8 аймақта негізгі капиталға инвестиция тартылмаған. Ең төменгі нәтиже Ұлытау, Абай мен Жамбыл облысына тиесілі. Инвестициялық штабтың отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов уәдесін орындай алмаған аймақ басшыларын сынға алды. «Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, жауапты тұлғаларға шара қолданылады», - деді. Биыл елде 2 миллиард теңгеге 280-нен астам инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының Үкіметтің алдында 2029-жылға дейін 150 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тарту міндеті тұрғанын жеткізді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздегі 8 аймақта негізгі капиталға инвестиция тартылмаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176578/)