«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды. Үкімді Абай облысы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жариялаған. Мемлекеттік мекеменің 3 басшысы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты, кәсіпкерлерден жүйелі түрде 700 мыңнан - 13 млн теңгеге дейін пара алды деп айыпталды. Кәсіпкерлер заңсыз сыйақыны лауазымды тұлғаларға резерват аумағында санитарлық тазалау мен ағаш кесуге рұқсат бергені, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарға кедергісіз қол қойғаны, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін берген. Резерваттың 3 басшысы 10 жылға сотталды, ал 5 пара беруші пара бергені үшін кінәлі деп танылып, 1,5 жылдан 3,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Барлық сотталған адамдар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176605/)