Жаңа рекорд! Түркістан облысында арыстық тұрғын қошқар көтеруден елімізде жаңа рекорд орнатты.
Азамат Мақұлбеков салмағы 40 келі болатын қошқарды 3 555 рет көтеріп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. 5 сағат 26 минут бойы білек күшін көрсеткен 37 жастағы азамат құрылыс саласында еңбек етеді. Спорттың бірнеше түрімен айналысады. Рекорд жаңартқан ол енді әлемдік деңгейдегі сайыстарда бақ сынамақ.
Айнұр Әбілқасымқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысының тұрғыны қошқар көтеріп, жаңа рекорд орнатты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176624/)