Павлодардағы мұнай коксын қыздырып, анод шығаратын зауыт бюджетке 5 млн теңге айыппұл төледі. Себебі жүйеқұраушы кәсіпорын өндірістен түсетін пайданы және кіріс-шығыс құжаттарын мемлекеттік органнан бүгіп қалмақ болған. Сот бірден кінәлі деп тауып, 1600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындады.
Қуат Өтеуов, Облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшысының міндетін атқарушы:
Департамент өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде «УПНК-ПВ» ЖШС шикі кокстан түсетін тұрақты табыс туралы сауал жолдады. Алайда кәсіпорын дер кезінде толық ақпарат бермеді. Сол үшін хаттама толтырып сотқа жолдадық.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодардағы зауытқа айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176633/)