Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік парақшасында жазба қалдырды. Онда: «Азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз», - деді. «Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе» деп жазды ол өзінің твиттердегі парақшасында.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176670/)