Жыл соңына дейін саяси қуғын сүргін құрбандарына қатысты 460 мыңнан астам тың құжат жария етілмек. Бұл туралы бүгін Президентке Алматыдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жетекшісі айтты. 2 жыл бұрын ашылған орталыққа жақында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурада құпия түрде сақталған құжаттар тапсырылған. Қазір мамандар соларды қалпына келтіріп, цифрландыруда. Кейін Саяси қуғын-сүгін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия тиісті шешімдер шығармақ.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 460 мыңнан астам тың құжат жария етілмек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176696/)