Алматыда балалар мерекесіне орай, Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы ашылды. Қосымша білім беру мекемесін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралап көріп, балаларды мейрамдарымен құттықтады. Орталықта оқушыларды ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық шығармашылыққа баулымақ. Олардың экологиялық-ботаникалық дүниетанымын кеңейтетін, болашақ мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беретін түрлі клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді. Президент балалардың дарынын, қабілетін дамыту үшін осындай орталықтар өте қажет екенін атап өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176743/)