Астанада боччадан республикалық чемпионаттың ашылу салтанты өтті. Төрт күнге созылатын жарыс екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған 15 облыстан 50-ге жуық спортшы қатысады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың додасында үздік шыққандар ұлттық құрамаға кіреді. Халықаралық жарыстарға қатысуға да мүмкіндік алады. Бочча - тірек-қозғалыс аппаратының ақауы бар балалар мен ересектердің өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік беретін паралимпиадалық спорт түрі. Шараны Сенат төрағасы, Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Бүгін шынайы спорттың мерекесі, спорттың мейрамы деп ауыз толтырып айта аламыз. Қазақстанда біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, ерекше сұранысы бар балаларды қорғау үшін, қолдау үшін көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада боччадан республикалық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176795/)