Халқы тығыз орналасқан оңтүстік облыстардан еңбек күші тапшы солтүстік пен шығыс өңірлерге 8600 адам көшірілмек.
Оның 2800-і Қызылжар өңірінде қоныстанады. Жыл басынан бері теріскейге 260 отбасы табан тіреді. Биылдан бастап, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әр отбасына баспана сатып алу мақсатында 4 млн теңге көлемінде ұтқырлық сертификаты табысталады.
Яғни, бұған дейін азаматтар жергілікті әкімдіктер ұсынған баспаналарда тұрса, енді өздері таңдап алады. Жауапты органдар өңірге келушілерді қарсы алуға дайын. Солтүтік Қазақстанда 5 мың жұмыс орны бос тұр. Әсіресе білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау саласында маман тапшы.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстіктен теріскейге 260 отбасы қоныс аударды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176848/)