Канаданың Британдық Колумбия провинциясында орман өрті басылмай тұр. Осы аймақтың Донни-Крик ауданында 240 мың гектардан астам жасыл желек жанып кеткен. Лапылдаған жалынды тоқтатуға арнайы техника тартылды. Қазір мұнда 67 өрт ошағы анықталып отыр. Солардың 11-і соңғы тәулікте тұтанған. Айта кетсек, өткен айда осы елдің Альберта провинциясында алапат өртке байланысты төтенше жағдай жарияланып, ондаған мың адам үйлерін тастап кеткен еді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Канадада орман өрті басылмай тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176909/)