Мемлекеттік рәміздер күніне орай елордадағы Байқоңыр ауданының тұрғындары қуанышқа кенелді. Бірнеше көп қабатты үйдің ауласында балалар алаңшасы ашылды. Әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен шарада аниматорлар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін түрлі ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Сонымен бірге «Әр үйдегі Ту» акциясы аясында пәтер иелері Мемлекеттік Туды терезелеріне іліп, үрмелі оркестрдың сүйемелдеуімен еліміздің Әнұранын орындады.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада мерекеге орай балалар алаңшасы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176920/)