Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жер асты көлік тұрағы өртенді. Алдын ала болжам бойынша, сұйытылған газбен жүретін көліктен өрт шыққан болуы мүмкін. Үш бірдей қойма мен 6 жеңіл көлік жанып кеткен. Оларға жақын тұрған тағы 4 машинаны жалын шарпып, зақымданған. Жоғарғы қабаттарда тұратын 20-ға тарта адам эвакуацияланды. Оның алтауы бала. Алдын ала болжам бойынша, «газдан улану» диагнозымен 3 адам ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетіп, тілсіз жау сөндірілді. Қызыл жалынмен күреске 70 қызметкер мен 18 техника жұмылдырылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада жер асты көлік тұрағы өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/176989/)