«Астана» халықаралық форумына қатысушылардың қатарында креативті индустрияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар да бар.
Британиялық маман Дэвид Перриш жер-жаһанға танымал бизнес-кеңесші. Ол әлемнің 60-тан астам елінде жұмыс істеген. Халықаралық форумда Перриш табысқа жету үшін бизнес пен шығармашылықты ұштастырудың ұтымды жолдары туралы келелі ойларын ортаға салмақ.
Дэвид Перриш, бизнес-кеңесші:
Форум көшбасшылар мен сарапшылардың басын қосады және кейбір көкейкесті әлемдік проблемаларды шешудің практикалық жолдарын ұсынады. Жиында мен жаһандық креативті экономикада шығармашылықтың маңыздылығы және жаңадан пайда болып жатқан трендтер мен сын-тегеуріндер туралы сөз қозғаймын.
Марина Бекенова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АЭФ - ғаламдық проблемаларды талқылайтын алаң&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177041/)