Күн ысып, шомылу маусымы басталғалы Қарағанды облысында 3 адам суға батқан. Олардың екеуі - ер адам, енді бірі-15 жастағы қыз. Қайғылы жағдайдың екеуі Нұра өзенінде болды. Тұрғындар рұқсат етілмеген жерлерде суға түскен дейді құтқарушылар. Жалпы өңірде шомылуға болатын 76 өзен-көл бар. Ал қалған 240-на түсуге мүлде тыйым салынған. Өткен жылы Қарағанды облысы бойынша 16 адам, ал еліміз бойынша соңғы 3 жылда 1 мыңнан астам адам суға батып кеткен. Соның 300-і бала.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында 3 адам суға батты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177054/)