Қазақстандық велошабандоздар Таиландта өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионы болды. Ерлер мен әйелдер арасындағы командалық сында отандастарымыз үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ Оңтүстік Кореядағы жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі аяқталды. Құрлықтық бәсекенің соңғы күнінде ел қоржына 2 медаль түсті. Қыздар арасындағы 1200 метрдегі аралас эстафетада жерлестеріміз күміс медаль жеңіп алса, 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде қазақстандық Кристина Ермола мәре сызығын үшінші болып кесті. Қазақстан құрамасы: 5 күміс, 6 қоламен жалпы командалық есепте 11-орынға жайғасты.
Данияр Асылбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан спортшылары топ жарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177074/)