Премьер-Министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ресейдің Сочи қаласына барды. Үкімет басшысы Еуразиялық Экономикалық Одақ және ТМД аясында өтетін бірқатар іс-шараға қатысады. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік инфрақұрылымын дамыту сияқты мәселелер қаралады. Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, теміржолдағы жүк тасымалдарын цифрландыру мәселелері де көтеріледі. Іс-шаралар алаңында Әлихан Смайылов екіжақты кездесулер өткізеді.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177086/)