Бүгін Жетісу облысының құрылғанына тура 1 жыл. Айтулы күнге орай Талдықорған қаласының тұрғындарына көпқабатты үй пайдалануға берілді. Баспана кезегінде тұрған 72 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді. Көптен күткен шаңырақтарына мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес отбасы өкілдері, ата-ана қамқорлығынан айрылған балалар ие болды. Сондай-ақ былтыр осы күні дүниеге келген нәрестелерге де құрмет көрсетілді. 1 жасқа толған 22 бөбектің тұсауы кесіліп, арнайы сыйлықтар табысталды. Айта кету керек Жетісу облысы құрылған күні өңірде 47 бала өмірге келген.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жетісулық тұрғындарға пәтер кілттері табыс етілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177093/)