Қазақтан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 5 миллиард долларға жетті. Бұл жөнінде Астана халықаралық форумында еліміздің Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Бүгінде көрші бауырлас елдегі халықтың саны 36 миллионға жеткен. Ресми өкіл алдағы 5 жылда екі ел арасындағы алыс-беріс көлемін екі есеге ұлғайту жоспарланып отырғанын жеткізді.
Бейбіт Атамқұлов, Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
Өзбекстанның Премьер-Министрімен бірге келдік. Үлкен топ келді. Бүгінгі таңда Өзбекстан мен Қазақстан арасы дамып жатыр. Бүгінгі сауда экономикалық қарым-қатынас бізде 5 млрдқа дейін жетті. Мына 28-30 жылға дейін 10 млрдқа дейін жетуіміз қажет.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақтан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 5 миллиард долларға жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177116/)