Индонезияда Анак Кракатау жанартауы атқылап, 3 шақырым биіктікке от пен күл шашты. Жергілікті билік халыққа ескерту жасап отыр. Жанартауға 5 шақырым радиустан артық жақындамауға туралы кеңес берілді. Зардап шеккендер мен эвакуацияланған тұрғындар жайлы мәлімет жоқ. Жанартаудың биіктігі - 157 метр. Ал оған ең жақын елді мекен 16 шақырым жерде орналасқан.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Индонезияда жанартау атқылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177177/)