![Бүгін «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_17683.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
![Бүгін «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді Бүгін «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді](http://kaznews.kaztrk.kz/uploads/posts/2015-11/1446615562_d598eebfad6d3c0d57ac7a9fa2105043.jpg)
Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қараш-қараш» деп аталатын әлеуметтік драманың премьерасы өтеді.
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» повесті бойынша жазылған драманы астаналық көрермендер қарашаның 4-5 күндері көре алады. Әуезовтың повесті бойынша сахналық нұсханы жазушы, драматург Қалиқан Ысқақ жасаған. Ал, қоюшы режиссер ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. «Қараш-қараш» драмасы режиссердің Әуезов шығармаларынан қойған алғашқы туындысы емес. Бұдан бұрын Ә.Оразбеков Мұхтар Омарханұлының шығармалары негізінде жазылған «Абай», «Айман-Шолпан», «Қорғансыздың күні» пьесаларын қойған. Ал, жаңа қойылым ел-жұртының қамын ойлап күн кешкен қос азаматтың арасындағы достықты, туған жерге деген махаббатты, ар алдындағы адалдықты суреттейді.

Kaznews.kaztrk.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17720/)