Астанадағы ауыз су проблемасы маусымның соңында толық шешіледі. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасына осындай жазба қалдырды. Кешелі бері біраз үйде судың қысымы қалыпқа келгенін жазды. Жағдайдың реттелуіне сорғы-сүзі станциясындағы су құбырың жаңа тармағының іске қосылуы болып отыр. Ал үшінші сүзгі станциясы құрылысының екінші кезеңі тамызда аяқталады, дейді. Бұл алдағы 3-4 жылға қажетті қосымша су беру қуатын қамтамасыз етпек.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы ауыз су мәселесі толық шешіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177255/)