Ресейдің Алтай өлкесінде осыдан 4 тәулік бұрын тұтанған өрт әлі де бой берер емес. Қызыл жалынды сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тілсіз жау 5 мың гектардан астам аумақты шарпыған. Өңірде осыған байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл режим әлі күшінде. Өрттің тұтануына құрғақ ауа райы себеп болған. Прокуратура орман алабының өртенуіне байланысты тергеп-тексеру шараларын жүргізуді қолға алды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейдің Алтай өлкесінде орман өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177283/)