Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғады. Құзырлы орган орманшылардың қаза болуына байланысты және қоршаған ортаға зиян келгенін назарға алып, салғырттық фактісі бойынша тергеп-тексеруді бастады. Қазір құқық қорғау және өзге де арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Енді жауапты лауазымды тұлғалардың өрт кезіндегі әрбір іс-әрекеніне құқықтық баға беріледі.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бас прокуратура Абай облысындағы өртке байланысты іс қозғады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177306/)