Мемлекет басшысы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті. Режеп Тайип Ердоған Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркия президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177338/)