«Жалын жайпаған орманды қалпына келтіруге жарты ғасырға жуық уақыт керек» дейді елдегі экологтар.
Мамандардың сөзінше, Семей орманындағы жасыл-желектің басым бөлігі – қарағай, арша мен шырша ағаштары. Сондықтан өңірдегі өзге ағаштарға қарағанда күтімді көп қажет еді. Сондай-ақ орман шаруашылығының техникалық базасын нығайтпай, өрттің алдын алу мүмкін еместігін айтады.
Серік Қойбақов, эколог:
Орманды қалпына кетіру үшін оған кемінде 30-40 жыл уақыт керек. Шыршалардың өзінің жыл сайынғы өсімі 30-40-50 сантиметрге дейін береді. Қомақты қаражат керек. Сондықтан оны өсіру үшін арнайы тұқымбақтар жасау керек.
Данияр Әлімқұл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Орманды қалпына келтіру үшін жарты ғасырға жуық уақыт керек – экологтар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177341/)