Қарағандылық орманшылар күзетті күшейтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық орманшылар күзетті күшейтті

12.06.2023

Қарағандылық орманшылар күзетті күшейтті. Себебі тұрғындардың табиғат аясына шығып демалуы жиілеген. Көпшілік арасында прафилактикалық шаралар жүргізілгенімен тәртіпке құлақ аспайтындар көп. Әсіресе қала мен ауылдық елдімекендерге жақын 27 мың гектардан астам орманды алқапқа қауіп басым. Ну ағашты жерлер биыл 2 рет өртенді. Жыл басынан бері 8 азаматқа өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.

Қанат Шөменов, Қарағанды орман шаруашылығының инспекторы:

Бір күннің ішінде 5 мың адамға дейін келеді. Мынау орманның арты, жаны барлығы 200-300 машинаға дейін толып отырады. Сенбі-жексенбі күндері 10 мыңға дейін адам келеді. Солармен біз профилактикалық жұмыстар жүргіземіз. Ағаштардың түбіне от жағуы мүмкін, сосын машинамен кіріп кетеді кейбіреулері.


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу