Ливан парламенті 11-ші мәрте жиналып ел президентін сайлай алмады. Сондықтан депутаттар маусымның 14-де тағы да бас қосып, мемлекет басшысын таңдауға қайта әрекет жасайды.
Бұл саяси дағдарысқа ираншыл «Хезболла» қозғалысының басқа партия ұсынған канидатты қолдамауы себеп болып отыр. Яғни «Хезболла» президенттік лауазымға өз үміткерінің келгенін қалайды. Сондай-ақ бұл қозғалыс парламентте үлкен күшке ие. Сондықтан ертең Ливанда өзге партия өкілінің президент атануы екіталай.
Арыстан Рысбек