Абай облысында кешелі бері іздестіріліп жатқан тракторшының мәйіті табылды.
Сергей Архипов 10 маусымда тракторымен өрт сөндіруге көмекке кетіп, артынша іс-түссіз кеткен. Марқұмның денесі өрт ошағынан 50 шақырым жерден қызметтік иттің көмегімен анықталды. Полицейлердің ақпаратына сүйенсек, мәйітте ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Данияр Зейнолла
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абай облысындағы өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177410/)