14 жастағы қазақстандық Зарина Нұрғалиева шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды. Ол 5-11 маусым аралығында Батумиде өткен шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионатында рапидтен күміс, блицтен алтын медаль жеңіп алды. Әлем біріншілігіне 35 елден 426 шахматшы қатысқан. 6 күнге созылған турнирде Қазақстан құрамасының өрендері 2 алтын және 4 күміс медальға ие болды.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=14 жастағы қазақстандық Зарина Нұрғалиева шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177446/)