Италияда бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускониді мемлекеттік деңгейде жерлеу рәсімі өтті. Сол үшін Миланның орталық алаңы мен кафедралдық соборына мыңдаған адам жиналды. Олардың қатарында саясаткерлер, кәсіпкерлер, қарапайым тұрғындар мен туған-туыстары, достары болды.
Берлускони маусымның 12-де лейкемиядан 86 жасында дүние салды. Ол көзі тірісінде Италия үкіметін ешқандай саяси тәжірибесіз төрт рет басқарды.
Берлусконидің алып бизнес-империясына ақпарат құралдары, қаржы, құрылыс, кино, спорт салалары мен қуатты партия кіргені белгілі.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Италияда Сильвио Берлускониді жерлеу рәсімі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177537/)